Өлең, жыр, ақындар

Сіз берген сырнайды тарттым

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 173
Мұң шағудың соңғы нотасы бұл – Құтыбым,
Аластадым да, жалған дүниенің түтінін.
Бұлбұлым күліп, сыйқырлы, жұмбақ, жұтып үн,
Сіз берген сырнайды тарттым!

Әлем қуанды, - әуезің неткен сазды! – деп,
Сұлу мақамымен жасырын келген жаз түлеп.
Қасыретін тауысып, қаңқылдап кетіп, қаз жүрек,
Сіз берген сырнайды тарттым.

Арзан бақыт та болмаған еді, еншімде,
Тылсым досың ем, Ғаршының жұрты- көршің бе?
Азаны ерттеп, Рухыма, - өлермен, өршілге,
Сіз берген сырнайды тарттым!

Абыздай толқып тұрдыңыз – дүние алдында
Маржанын сүзіп, теңіздің, толқын, жалдың да.
Ешбір жанда жоқ қайғыны таңдап алдым да,
Сіз берген сырнайды тарттым!

Жаңбыр жылынды – кеудеме кіріп, лаулаған,
Боздап алды бір, басын қойды да тау маған!
Өртеніп алшы, қызғалдағыңа, оу, далам,
Сіз берген сырнайды тарттым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тағы оянды бір көктем

  • 0
  • 0

Алау таң мен өзеннің – күтіп алдым, күлкісін,
Жүз құбылған, салайын, - тоты жырдың түр-түсін!
Жадыратып, жандарды – самалым кеп, жұлқысын,
Тағы оянды, бір көктем!

Толық

Пәкизә көркемім

  • 0
  • 0

Қуанышыма гүл шаштың ба екен,
Ақық, маржаннан жыр шаштың ба екен?
Сенімен нәзік сырластым ба екен,
Пәкизә көркемім!

Толық

Інжу-жыр

  • 0
  • 0

Жасыл жапырақтар,
Жылап болдың ба?
Мөп-мөлдір шыққа
Ұнап қалдың ба?

Толық

Қарап көріңіз