Өлең, жыр, ақындар

Күнікей қыз

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 226
Шыршаның жүрегінде тиын отыр,
Сап-сары, үлпілдеген сезім болып.
Сел-нөсер көк төсінен құйып жатыр,
Менің сексен көл болған кезім болып,
Кеткем, сол көлдеріммен жазым болып.

Тау өксіп, тұман киіп, құшты бұлтын,
О, Падишам, кінәлі бұл құлды қара!
Бұлақ-сәби былдырлап, ішті күлкім,
Жасымды қосып ішті, пора-пора,
Жүрек-жетім ішінде мұңы тола!

Мендік қайғы – ешбір жан көтермейтін,
Ер шыдамас, толағай сын болды бір!
Жырымда- еріп кеткен шекер кейпім,
Шырын әнім – шер кезде тыңдалды бір!
Күнікей қыз, көзіңді аш, үн келді бір!

Күнікей қыз, - көкірегің ертегі әлем,
Күн астында өмірің өтіп еді-ау!
Көкке ұмтылған – өлермен, неткен жан ең,
Қылует-күндер құлпырды, жасымады-ау,
Кетерсің, айналаңа шашып, алау!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мың гүлді құшақтап тұрмын

  • 0
  • 0

Жанымда жарқырап өлең
Мен оны халқыма берем.
Жұпары – аңқыған ерен,
Мың гүлді құшақтап тұрмын!

Толық

Күн болдым бүгін

  • 0
  • 0

Теңіз астын тұншығып, мың шарлағам,
Тар болып, жер-шар маған.
Әлемнен бір сый алдым, ханша алмаған,
Күн болдм бүгін!

Толық

Інжу-жыр

  • 0
  • 0

Жасыл жапырақтар,
Жылап болдың ба?
Мөп-мөлдір шыққа
Ұнап қалдың ба?

Толық

Қарап көріңіз