Өлең, жыр, ақындар

Ішкіш әйел

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4976
Үкімет те алдады, дос та алдады.
Алдап кетті тағдырдың қосқан жары.
Ағайыннан, жердегі туыстардан
Жұлдыз жақын тәрізді аспандағы.
Бәрі есінде, алғашқы өкінген күн,
Ішке тартып үн-түнсіз отыр демін.
Ана болсам деп еді, үзілді үміт,
Сәби қалды үйінде жетімдердің.
Бақыт өзі немене? Атап қара,
Тіршілігі - жәй жүрген атақ қана.
Көз ашқалы көргені - тесік қалта,
Өмір сүрген мекені - жатақхана.
Қаңбақ өмір, ұстатты жел кемеден,
Сәті де жоқ бір жанға еркелеген.
Үміті жоқ, ертеңді ойламауға
Арақ ішіп алады ертеменен.
Жанарында тамшы боп тұнады арман,
Ішкіш етті, амал не, мына жалған.
Бір кезде ол аяулы қос ғашықтың
Тұңғышы еді-ау төңірден сұрап алған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауылға хат

  • 0
  • 0

Жазшы маған, жан құрбым, ауыл қандай?
Арайлы ма, ақын жан сағынғандай?
Жаңалықтың қалдырмай бәрін жеткіз,
Жауабыңды күтемін сабыр қалмай.

Толық

Ауылым

  • 0
  • 0

Құстарың ерке көлдегі,
Тербейді желің құрақты,
Құйын да тентек, сендегі
Балалық шағым сияқты.

Толық

Азамат

  • 0
  • 0

Азамат көрдім, кеудесінде бар қос орден,
Бейнесін таққан алтыннан құйған көсемнің.
Дедім мен, сірә, еңбекпен ерте есейген
Баласы болды-ау осы елдің.

Толық

Қарап көріңіз