Өлең, жыр, ақындар

Жұлқынып, жібін үзді неше күрең

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 363
Жұлқынып, жібін үзді неше күрең,
Бүгінім сәл естірек кешегіден.
Саулаған жапырақтың ортасында
Қыркүйек сағынышты кешеді рең.
Сансыз көп сәлем жолдап атырап, қыр,
Сарғайған жүрегімде жапырақ тұр.
Ойланып, ою тақққан отауыма,
Жалынды жастық шақтың отын ап кір.
Өскен ел, жасаулы әлем, дара шабыт,
Барады көз ұшында жараса ағып.
Жалғыз рет берілгесін бұл өмірді
Өткізген қандай жақсы тамаша қып.
Кеудеге қызыл түспен тағылған гүл,
Жанады лапылдаған лағылдан жыр.
Сан үнмен саз дауысты сағынышым
Босатты керуенін ағылған бір.
Көсіліп көшкен тізбек жоқ па тағы,
Қалайша оны біреу тоқтатады?
Сәске шақ сәлемімді алып тұрған
Таңдарды тамылжыған жоқтатады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Елемей қарашаның қарсылығын

  • 0
  • 0

Елемей қарашаның қарсылығын,
Сен менің тамызым боп қалшы, күнім.
Күзгі бақ түкпірінде қалып қойған
Күндерді жапырақтан аршы бүгін.

Толық

Сәлем жолдап көктемнің кептерінен

  • 0
  • 0

Сәлем жолдап көктемнің кептерінен,
Жыр жазамын Бейнеудің беттерінен.
Алатаудың басынан алып келген
Аппақ қары көңілдің кетті еріген.

Толық

Тербетіп, тебірентіп мұң ырғағы

  • 0
  • 0

Тербетіп, тебірентіп мұң ырғағы,
Жайнаған жастығымды күн ұрлады.
Жұпарын сарайыма себеледі
Айналып жылдарымның жұмыр бағы.

Толық

Қарап көріңіз