Өлең, жыр, ақындар

Айнакөлім жоғалтты сыңқыл дауыс үйректі

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 500
Айнакөлім жоғалтты сыңқыл дауыс үйректі,
Үйіріліп үйрекпен шанақ бойлап күй кеті.
Ұшпайды алыс жаққа ол, қайта айналып келер деп,
Бүлкілдетіп барады тәтті дәме бүйректі.
Үйрегімнің соңынан балпаң қағып қаз кетті,
Қазбен бірге саңқылдап күміс қанат саз кетті.
Қазым менің қайда екен, арманынан адасып,
Шықты ма екен жолға алыс нысана қып жаз бетті?
Аққу кетіп барады әсем үнмен сыңқ етіп,
Ақ желпуіш қанаты су астына сүмп етіп.
Айдын сызып ұзаған сұлулықты ұстауға,
Құлай кеткім келеді жар басынан күмп етіп.
Аққу кетіп барады көк айдында сыңсыған,
Бұдан өткен бар ма екен жер бетінде сыршыл ән?
Ұмытылмай әуезі, жүрегіңді тербеткен
Сағыныш бар әуенде, әуенде бар мұң, шыдам.
Қош деместен кетті ұшып тұрымтай мен шүрегей,
Айдын үшін құстардың барлығы да бірегей.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бейнеу-елдің бейнесі берекелі

  • 0
  • 0

Бейнеу-елдің бейнесі берекелі,
Өткізеді ол әр күнін мерекелі.
Камзол киген аналар алдан шықты,
Жүрегі алтын, қолы құт, зер етегі.

Толық

Жылымық күн, жетпеді жерге демі

  • 0
  • 0

Жылымық күн, жетпеді жерге демі,
Құстар біткен қанатын сермеледі.
Жауып өтті ақ жаңбыр, тиылмады
Сағынышы жүрегін тербегелі.

Толық

Қолтаңба

  • 0
  • 0

Тірлікке кімдер келіп, кім кетпеген,
Жанбысың жүрегіңді күн кептеген?
Кеудеңді жейде қылып желге жай да,
Түймеле алтындаған ілгекпенен.

Толық

Қарап көріңіз