Өлең, жыр, ақындар

Өмір деген бітпейтін мәңгі майдан

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 982
Өмір деген бітпейтін мәңгі майдан,
Талықсыған күресте талдым, айнам.
Тіршілігің өксіген көк өзендей,
Арты ұйық секілді, алды қайраң.
Жолға түстім. Адастым. Жоқ қарадым,
Алға бастым, Сүріндім. Тоқтамадым.
Тірлік жыры кеудеме симағасын,
Өмір жайлы айтуға оқталамын.
Тірлік жыры кеудеме симағанда,
Өлең оқып жүремін қилы алаңда.
Өмір отын кеудемнен үлестірем,
Күлімдеумен гүл шоғын силағанға.
Көлбей білген көңілге кеңістік кең,
Мен күндерді тосамын жеңіс күткен.
Аштықтан соң, төзімің сарқылмаса,
Мөлдірейтін секілді жеміс біткен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір ғұмыр

  • 0
  • 0

Бірді бірге қосумен,
Жақсы күнді тосумен,
Қиял бұлт боп көшумен,
Өтеді екен бір ғұмыр

Толық

Неткен күн жаңбыр менен қары аралас

  • 0
  • 0

Неткен күн жаңбыр менен қары аралас,
Ұмтылар ақ болуға қара ала ағаш.
Жаңбыр мен қар бірлігін мақұлдаймын,
Табиғат жаныңды әсте жараламас.

Толық

Аппақ күн шуақ шашып ана беттен

  • 0
  • 0

Аппақ күн шуақ шашып ана беттен,
Жайдары күн келеді жаңа леппен.
Жазира жайлауымның кең төсінде
Құлдырап жүгіреді бала көктем.

Толық

Қарап көріңіз