Өлең, жыр, ақындар

Дүрсілін жүрегімнің есітемісің

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 424
Дүрсілін жүрегімнің есітемісің,
Жанымның ғажап күйді кешкені шын,
Сен мынау көк аспанға алғысыңды айт
Алқынып ақша бұлты көшкені үшін.
Тұяғы жүрдек жылдың зымыраған,
Әйтеуір ел кетпеді ымырадан.
Жайдарман жақсы күндер еске түсті
Гүлдерге су тамызған құмырадан.
Тілдері серпілгенде сағаттардың,
Мезгілге жүрек сырын тағы ақтардым.
Қамыққан күнім қалды қайта келмес,
Қамқалы арасында қабаттардың.
Мың бұлақ сыңғырлаған, сылдыраған,
Бұлақ боп күн кешеді бір күні адам.
Томсарған тоғай неге теңселмей тұр,
Көк тұман көрсетпей ме бұлдыраған?
Келеді тағы бір күн жылылықпен,
Іздеймін өткенімді үңіліп мен.
Шалқарым шалқар сәтін аңсайды ылғи,
Тұншыққан толқынында тығылып дем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бісміллә, сөз бастадым хақтағала

  • 0
  • 0

Бісміллә, сөз бастадым хақтағала,
Ақ қарға өлең жазды аппақ ана.
Әйелдің бар бақыты баласында,
Бұлбұлдың сайрар кезі бақта ғана.

Толық

Ана жүрек

  • 0
  • 0

Жазира күн тағы да жалғаса ма,
Силай көрші, тәңірім, жанға сана.
Шаңқай түсің шалқайып шіренбесе,
Уқалай сап кірпігін, таң қаша ма?

Толық

Замандасым, құлақ салып тыңдашы

  • 0
  • 0

Замандасым, құлақ салып тыңдашы,
Жамырайды бағанада жыл басы.
Бесік болып адамзатқа тербеліп,
Жер-ананың бітпей қойды іңгәсі.

Толық

Қарап көріңіз