Өлең, жыр, ақындар

Үнсіздіктің бөлмесі тымсырайды

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 318
Үнсіздіктің бөлмесі тымсырайды,
Күлімдеген, өйткені, күн сұрайды.
Кібіртіктеп көлеңке кідіріп тұр,
Келе жатқан секілді жыл шырайлы.
Өзендердің өксіді арыны аққан,
Ақтара алмай тұрғанда барын ақ таң.
Сағынышым үзіліп естіледі
Жапырағы қалқыған сары бақтан.
Күркіреген көктемім қайда екен деп,
Кеуделерге қонақтап ай мекендеп,
Жайдарман күн дидарын жылытады
Тырналарым қанатын жайды екен деп.
Жүрегімде жылтырап жарық айна,
Шағылысып қалады барып айға.
Жадау бақтан жүрегі ән сұраған
Жапырағы жанымның жамырай ма?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арман құсым қанатын керген еді

  • 0
  • 0

Арман құсым қанатын керген еді,
Жаз айының жарқырап шат күндері.
Жұпар шашып маңайға тербеледі
Ай астында Арыстың ақ гүлдері.

Толық

Гүл терген Гүләйім қыз мақамдары

  • 0
  • 0

Армысың, ана қыран, шаңқылдаған,
Аралдың шағаласы, саңқылдаған.
Тарылған тар заманда ғұмыр кешіп,
Айналдым екпініңнен тартынбаған.

Толық

Тәңірінен бармақтай бақ сұраған

  • 0
  • 0

Тәңірінен бармақтай бақ сұраған,
Қайда барсаң – жылап жүрген бір адам.
Жаңбыр жұтып, мұзды ерітіп, қар басып,
Қырық жамау жүректерін құраған.

Толық

Қарап көріңіз