Өлең, жыр, ақындар

Айналасын қуанышқа кенелтіп

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 406
Айналасын қуанышқа кенелтіп,
Тұра қалды жұпар иіске жел елтіп.
Желбегейін шешіп жатыр жасыл жаз,
Тырналарын жылы жаққа жөнелтіп.
Жер қарайды көк жүзіне құмартып,
Құштарлықтың құмартқаны тым артық.
Сарғыш орман тасасына жоғалды
Жасыл жаздың көлеңкесі мұнартып.
Көңілді күн қай бағытқа көлбеді,
Тербетумен жүрген еді ол мені.
Босағанын көзге тақап көрсетті
Сылдыраған судыр күннің шөлмегі.
Жаз ұзады, жұпар исі қалқыды,
Сары күннің ашылғанда алқымы.
Қырмызы гүл қауызына тамады
Құралайдың қырдан түскен салқыны.
Қырмызы гүл қауызына тамады,
Домбыраның сылқылдаған шанағы.
Сарғыш сәуле сағым болып ұшты да,
Жаздан қалған жапырақты санады.
Ағады күн, ағады күн, ағады...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Толқыны асау толқыған өр өзен ем

  • 0
  • 0

Толқыны асау толқыған өр өзен ем,
Сусын бастым кепкенде кенеземен.
Қара талы жылаған қараша боп,
Жылдар өтіп барады терезеден.

Толық

Жаз бен қыз

  • 0
  • 0

Жасыл көйлегі желбіреп,
Қарақат көзі мөлдіреп,
Көбелек қуып барады
Сағымдай болып көлбіреп.

Толық

Жырла көктем, жырламас халің бар ма

  • 0
  • 0

Жырла көктем, жырламас халің бар ма,
Сағынышын сабылтқан сағым барда.
Көрсем деумен үздігіп жүрген едім,
Дауыл соғып тұратын дабылдарда.

Толық

Қарап көріңіз