Өлең, жыр, ақындар

Шіркін-ай, сары дала, сары дала

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 541
Шіркін-ай, сары дала, сары дала,
Ол-дағы мендей болып зарыға ма?
«Ертеңнен үмітіңді үзбе» деді,
Жалтылдап жұлдыздардың жарығы ана.
Көңілім лайсаң кешіп, тұнықты ішкен,
Іздеумен жол сұлбасын қырық пішкен.
Бұталар сөз айтуға бата алмады
Ұмтылып барып, қайта сұлқ түскен.
Елжіреп еске алумен сол шақтарды,
Тізіліп маңдайымда моншақ қалды.
Кезерткен ерінімді тамшы судай,
Жеткізбей сары дала шаршатқан-ды.
Жақындап, бұлдыр қағып, бір алыстап,
Сағымнан жылжып аққан жылы ағыс қап.
Өмірге қадам бастым құм үстімен,
Жылдардың ізіменен шырақ ұстап.
Өмірге қадам бастым құм үстімен,
Құм емес, күн ойнаған күміс кілем.
Алаңдап ертеңіме қарайладым,
Алтын күн керетіндей тынысты кең.
Алыстан бұлдырады сағым іші,
Көңілдің қалықтады тағы құсы.
Мені алып келе жатқан сары дала емес,
Сарғайған сарғалдақтың сағынышы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дөңгеленіп алдымда тұршы, ғалам

  • 0
  • 0

Дөңгеленіп алдымда тұршы, ғалам,
Жарық сәуле, сүйеу боп жүрші маған.
Шаттығымды, қайғымды тілмен айтып,
Қандай бақыт, күле алам, күрсіне алам.

Толық

Бір ғұмыр

  • 0
  • 0

Бірді бірге қосумен,
Жақсы күнді тосумен,
Қиял бұлт боп көшумен,
Өтеді екен бір ғұмыр

Толық

Мен құл емеспін

  • 0
  • 0

Мен құл емеспін,
Мен күң емеспін,
Жетегімен жүргем жоқ құр елестің.
Ауытқыған заманның мұңын кешіп,

Толық

Қарап көріңіз