Өлең, жыр, ақындар

Саналымен сырласқымның келгені

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 371
Саналымен сырласқымның келгені,
Жүректегі нұрды ашқымның келгені.
Көктем болып, қара жерде бусанып,
Талдардағы бүрді ашқымның келгені.
Қызғалдақты қырдан үзгім келгені,
Құлаш жайып көлде жүзгім келгені.
Түкпірімде жатқан маржан тастардан
Жібек жіпке моншақ тізгім келгені.
Достарыммен қауышқымның келгені,
Қыстан жазға ауысқымның келгені.
Тілекші жан жолда сусын ұсынса,
Бәрін ішіп, тауысқымның келгені.
Шын бақытты сезінгімнің келгені,
Шаршап-талып көз ілгімнің келгені.
Жақсы күнге аман-есен жетпесем,
Жігерім мен төзімімнің өлгені.
Жел боп ұшып, ентік басқым келгені,
Майса шөпті елтіп басқым келгені.
Көгілдір түс көктемге бір айналып,
Қара жерді көлкіп басқым келгені.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ішінен көрем бе деп топ қараның

  • 0
  • 0

Ішінен көрем бе деп топ қараның,
Көзімді көлегейлеп көп қарадым.
Сырымды айға айтамын айғайлаумен,
Жанымды жұлдыздарға ақтарамын.

Толық

Аппақ шатыр тігілген

  • 0
  • 0

Аппақ шатыр тігілген
Ақ келінді күтеді.
Иіліп, бел бүгілген
Келін әулет құты еді.

Толық

Менің кеуде тұсымда қоңырау бар

  • 0
  • 0

Менің кеуде тұсымда қоңырау бар,
Сыңғырласа қоңырау, жалын аунар.
Жел үзгенде жылатып жапырағын,
Сағыныштан сарғайды сары баулар.

Толық

Қарап көріңіз