Өлең, жыр, ақындар

Үміт керек саған да, маған-дағы

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 419
Үміт керек саған да, маған-дағы,
Жылтырасын сары шам бағандағы.
Үмітпенен жасарып жер дүние,
Үмітпенен жайнайды адам бағы.
Қызғалдақтар құлпырып көркем белден,
Өрнек кетсе өміршең өркендерден,
Көлік тосқан сапарда жолаушыдай
Үміт күтіп жүреміз ертеңдерден.
Сенің-дағы үмітің жоғалмасын,
Көлдер іздеп тапқанда көк арнасын.
Алма ағашы үмітпен ұмтылады,
Құлатқанда бұтағы көп алмасын.
Жарқырайды бір шырақ күні-түнмен,
Қойныңда оны жүресің жылытумен.
Басқа таққан үкіңнен айырылма,
Есің болса, адаспа үмітіңнен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дәстүрге енген дағды дағдарыста

  • 0
  • 0

Дәстүрге енген дағды дағдарыста,
Қамалдар көшіп алды қорғанысқа.
Алты қаз Арал жаққа соқпай өтті,
Ақ өзен ағыс күтіп қалды Арыста.

Толық

Жалғыздықтан қамығып шаршауменен

  • 0
  • 0

Жалғыздықтан қамығып шаршауменен,
Үміт күтіп жүрем мен бар сәуледен.
Айдың нұрын жүздіріп келбетіңе
Ақ дидарлы, жеттің бе, аңсаулы әлем?!

Толық

Тұнжыраған жанарын мұң басқанда

  • 0
  • 0

Тұнжыраған жанарын мұң басқанда,
Күлгін шоқтар ұшады түнгі аспанда.
Алтын тамшы сыңғырлап үзіледі,
Жым-жырт дүние жымиып ымдасқанда.

Толық

Қарап көріңіз