Өлең, жыр, ақындар

Ай астында керілді күміс қала

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 284
Ай астында керілді күміс қала,
Ол тынысын алады тыныш қана.
Батқан күнге қарады ол басы айналып,
Шыр айналды шырайы Шығыста да.
Күн астында күледі алтын қала,
Қақпаларын жаппайды салқында да.
Сайрап жатқан көсемдік көшесінің
Мейірім мен ізет бар халқында да.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Иірім тапты иректері арнаның

  • 0
  • 0

Иірім тапты иректері арнаның,
Арналарға ағыс табу – арманым.
Тұмандарда тау ішінде адаспа,
Топтан озған, темір тұяқ тарланым!

Толық

Мейірім тұрды демін ішіне алып

  • 0
  • 0

Мейірім тұрды демін ішіне алып,
Жанында күлімдеген кісі қалып.
Шайқалып шаттық тұрды шыр айналып,
Алтын нұр аппақ айдан ішіп алып.

Толық

Көп қабаттың құм басқан бір беткейін

  • 0
  • 0

Көп қабаттың құм басқан бір беткейін,
Басылады көзге оттай суреттейін.
Ақын қылған Фариза, Төлегенді
Топырағын әулиенің құрметтейін.

Толық

Қарап көріңіз