Өлең, жыр, ақындар

Аппақ гүлге көміліп аула қалды

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 473
Аппақ гүлге көміліп аула қалды.
Көктем бізді соғыссыз жаулап алды,
Жан жүректің астынан жалын көрдім,
Жалын біткен сүйеді лаулағанды.
Қол көтердік көктемге қарсылықсыз,
Сағым қуып бекерге сарсылыппыз.
Шалдықпайық, бекерге шаршамайық,
Шүкір, шүкір, бармыз ғой, баршылықпыз.
Керегі не көктемге қарсыласып,
Шыр айналды нұр шапақ шаршы басып.
Тау басына шыршалар қолын созды,
Қатар-қатар тізілді аршын ашып.
Жасыл туы жеңістің желбіреді,
Ғашық болды адамдар, елбіреді.
Саңылаудан құйылды сары сәуле,
Терезеден бір жұпар жел кіреді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айтылып адамзаттың ортақ әні

  • 0
  • 0

Айтылып адамзаттың ортақ әні,
Қамажай күндер келді қарқаралы.
Құбылған жәрмеңкелі бұл ғаламның
Ашылды ұланғайыр жарты аралы.

Толық

Хабар күтем сен жақтан жылы лепті

  • 0
  • 0

Хабар күтем сен жақтан жылы лепті,
Жаным жылап, сезімнің гүлі кепті.
Жапырақтар желменен сыбдыр қағып,
Жүрегімнің соғысын дірілдетті.

Толық

Тамылжытып тереңім тар түнекті

  • 0
  • 0

Тамылжытып тереңім тар түнекті,
Лапылдаған жанартау шарпып өтті.
Ормандарға ойланып үңілгенім -
Аяқтамай тұрғаным жарты бетті.

Толық

Қарап көріңіз