Өлең, жыр, ақындар

Сабылып сезімдердің сәуірі кіл

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 363
Сабылып сезімдердің сәуірі кіл,
Басылмай жүректердің жауыны бір,
Бұрқырап ақ көбігі көкке атылған
Бұрқанған Мұқағали дәуірі бұл.
Жаңа күн, жалын бол да жарқыра, сен,
Сұлулық сыбызғысын тартып әсем.
Жұтылып көлеңкеге келген еді
Жарты өмір, жарты бақыт, жарты көшем.
Қалтылдап ескектері ескіліктің,
Жылтырап шамы жанған кешкі үміттің.
Дауысы жапандағы жалғыздықтың
Барады бірте-бірте естіліп тым.
Маңдайын тау мен тасқа соқтыра алған,
Жарқырап жол ашады өткір арман.
Білемін, сыңар дауыс шуға айналып,
Білемін, жалғыздықтан топ құралған.
Толқындар толықсыған тулай келді,
Толқынға толқын соқса шулайды енді.
Қамыққан қалың елге көлеңкеде
Жаңа күн, жаңа бақыт тумай ма енді?
Қамыққан қалың ел бар көлеңкеде,
Желбіреп желге ұшады желең төбе.
Қырдағы қызғалдақтың исіне елтіп,
Бақытын күтеді олар кең өлкеде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің жаным ән тұнған, бұлақ тұнған

  • 0
  • 0

Менің жаным ән тұнған, бұлақ тұнған,
Көкірегін ояттты бұлап құмнан.
Алқымына симаған ару шабыт
Бозбаланың қолынан гүл ап тынған.

Толық

Күз келгенде құс іздеп әнші бақтан

  • 0
  • 0

Күз келгенде құс іздеп әнші бақтан,
Жүрегіме қып-қызыл тамшы қатқан.
Жайсаң жазым соңына бұрылмады,
Ернеуінен үзілтіп бал шұбатқан.

Толық

Сулар біткен ақты да, сені ойлады

  • 0
  • 0

Сулар біткен ақты да, сені ойлады,
Көше шамын жақты да, сені ойлады.
Сені ойлады, еске алып тебіренді
Туған жердің жап-жасыл кең аймағы.

Толық

Қарап көріңіз