Өлең, жыр, ақындар

Күн болып кіргім келді қара бұлтқа

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 539
Күн болып кіргім келді қара бұлтқа,
Жиек боп тұрғым келді аралықта.
Айналып сыңар түйір тамшыға мен,
Тіреліп қалғым келді қарамықта.
Көңілім көкжиекте қалды өрлеген,
Шарқ ұрды қайран жүрек ән кернеген.
Тыпыршып өз сағатын күтіп жүрген
Дүбірлі тұлпар көрдім бар кермеден.
Тамсантып, тамылжытып, төгіп тұрды ән,
Жүрегім қоңырау боп соғып тұрған.
Жұлдызды шағым менің салют шашты,
Құшағын қызғалдаққа көміп қырдан.
Ақ аспан, алқын тағы, шалқала кеп,
Сен маған не айта аласың, алқара көк?
Арманым адымымды бөгей берді,
Аңсарлы алыс жаққа арқала деп.
Қамыққан қамыс көрдім қаспақ көлден,
Алаулап арман жұттым асқақ белден.
Тығылған тығырыққа әуенімді
Бозторғай өз үнімен бастап берген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үнсіз қалма, жүрегім, сөйле менің

  • 0
  • 0

Үнсіз қалма, жүрегім, сөйле менің,
Сөйлегім кеп тұрады кейде менің.
Мен тоқтата алмаймын бұрқыраған
Өмірімнің өміршіл ойлы өлеңін.

Толық

Құйшы, жаңбыр, жан жүрегім сергісін

  • 0
  • 0

Құйшы, жаңбыр, жан жүрегім сергісін,
О, жаратқан, найзағайдың бер күшін.
Алтын күннің ақ шуағы алма іздеп,
Жұпар бақтың ерінбестен терді ішін.

Толық

Неткен күн жаңбыр менен қары аралас

  • 0
  • 0

Неткен күн жаңбыр менен қары аралас,
Ұмтылар ақ болуға қара ала ағаш.
Жаңбыр мен қар бірлігін мақұлдаймын,
Табиғат жаныңды әсте жараламас.

Толық

Қарап көріңіз