Өлең, жыр, ақындар

Қайран менің күндерім, құлаш керген

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 442
Қайран менің күндерім, құлаш керген,
Қанатының қағысы ұласты өрмен.
Жырларымнан жер-жаһан жалау ұстап,
Мекен-жайын бақыттың сұрасты елден.
Түндерім-ай, кірпігін от тіреген,
Кеудесіне үміттен шоқ түнеген.
Қараңғы әлем қойнында тәкаппарлау
Жарқырайды алмастай өткір әлем.
Үлпілдеді үкідей, бақбақ ұшты,
Тоқтата алмай қалдық-ау қатты ағысты.
Жалындары ұлғайып бара жатыр
Жарқылдаған от толып шақпақ үсті.
Хан тағында отырса патшалы өлең,
Топырағында тербеліп жатса денем,
Сенім атты жетелеп ақ боз атты,
Үміт таңы ағарып атса деп ем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақша бұлттар арман айта бастаған

  • 0
  • 0

Ақша бұлттар арман айта бастаған,
Құс қанатын бауырына жастаған.
Сұлулықты көрем ылғи ол жақтан
Шексіздіктің сызығынан аспаған.

Толық

Шамы сөнбей тұратын сенегінде

  • 0
  • 0

Шамы сөнбей тұратын сенегінде,
Есіңе алма, не қалды көне күнде?!
Алақандай сенің де үлесің бар
Тіршіліктің тауқімет – елегінде.

Толық

Жылдар жұлдыздай ағады

  • 0
  • 0

Жылдар жұлдыздай ағады,
Күндер қоңырау қағады.
Бақбақ ұшады бақтарда,
Көзден ыстық жас тамады.

Толық

Қарап көріңіз