Өлең, жыр, ақындар

Анашым

  • Erda
  • 27.12.2021
  • 1
  • 0
  • 457
Анашыма арналады бұл шумақ
Әрқашанда көзіңнен шашқан нұр шуақ
Ажал деген анашымнан бол аулақ
Бірақ та анам қартайып барат жыл санап

Анашымнан айырылғым келмейді
Дерттің бәрін анам ғана емдейді
Бірақ өмір мені қайтсін көнбейді
Соны айтсам ешкім маған сенбейді

Сенсе сенер,кейбіреуі баршылық
Кейбір кезде менде көрдім таршылық
Не сенерім, сенбесімді білмедім
Бар ма? - дедім анаға деген жақсылық

Ана - деген қасіретті болады
Ана тағы - айықпас дерт жымды
Анашым-ай ұшса бақыт құсы боп,
Балаларын жақсылыққа қияды

Анам менің - өмірімнің бар мәні
Анам менің - отбасымның бір мәні
Ана, менің саған деген бір әнім
Сен бар кезде, бұл өмірде мен бармын



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз