Өлең, жыр, ақындар

Жаңа жылға тарту

  • 26.12.2021
  • 0
  • 0
  • 611
Жаңа жаңа арман жетелеп,
Жетістік пен сәттіліктер көп болсын.
Жақыныңа кек сақтаумен, өкпелеп,
Жаңылулар түбегейлі жоқ болсын.

Жаңа жылда ырыс толып үйіңіз,
Жарқын жүзбен жымиыңыз, күліңіз.
Жақсылықтар серік болып тек қана,
Жылулыққа әрдайым кенеліңіз.

Жаңа жылда бағындырып белесті,
Жүзіп өтіп, қиындық пен күресті,
Жалауы боп қуаныш пен шаттықтың,
Жете беріп, көріп-дағы жеңісті.

Жаңа жылда бақыт құсы дарысын,
Жарқыраумен биіктерге самғаңыз.
Желдей жүйрік желмен бірге жарысып,
Жаныңыздың қуат-күші талмасын!

Жаңа жылда мол береке тілеумен,
Жайдарлықты бойыңызға ту етіп.
Жадыраумен әр күн сайын күлумен,
Жүз жасаңыз, ұзақ өмір сүрумен!

Еңбекшіқазақ ауданы
№1 Азат орта мектебінің 11 сынып оқушысы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өсиет

  • 0
  • 0

Бекер жүрме босқа уақыт өткізіп,
Күн сәулесін жай ауаға төккізіп.
Баға жетпес уақытыңды пайдалан,
Армандарың жасап жатыр айналаң.

Толық

Қарап көріңіз