Селфи
Селфи жасап қояйық бір мақтанып,
Жастық дəурен қалсын есте сақталып.
Телефонға түскен ғажап бейнеміз,
Жадымызда жадырасын жатталып.
Кел, сүйіктім, телефонға күл тұрып,
Басқа қонған бақты жүрміз білдіріп.
Таспасына тоғытайық тарихтың,
Сəтті түскен суреттерді бір жүріп.
Өмір - дауыл, жауратпасын біздерді,
Артқа салып өттік талай іздерді.
Алдымызда, алынатын асулар
Күлімдеумен жылытайық жүздерді.
Жаратқаннан жұмақ ғұмыр сұрайық.
Суреттерден жақсы сəттер құрайық
Күйбеңі көп таусылмайтын тірліктің,
Арасында , "селфилетіп" тұрайық!
Алтынай Алиева #ЖҮРЕКТЕГІЖАЗБАЛАР
12.10.2017ж.
- Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі