Өлең, жыр, ақындар

Кешіре біл.

Кешіре біл.
Кешіре біл, жақыныңды, жарыңды,
Сатқындықты, жауратса да жаныңды.
Өткеніңе өкінбеші өйткені,
Пешенеңе бұйырғаны жазылды.

Кешір досты, қамықпағын ісіне,
Жақсы адамның жұмақ кірсін түсіне.
Сені шалып, тілдегенге ренжімей,
Көңіл бөліп, бағыт сілте кішіге.

Жандар қанша тағдырымен ойнаған,
Алда қандай өмір барын ойланам...
Еркіндікті иемденсе ерке таң,
Түнек түндер, күн жұтуын қоймаған.

Жақсылықтың ғажап нұры - көзіңде,
Жүрек кілті - жұмсақ жылы сөзіңде.
Мұз сүлдені ерітеді махаббат,
Сабырлылық саялайды төзімге.

Ізгіліктен жарық алсын жүрегің,
Түн түндігін таза күнмен түремін,
Қолда барын бағалайтын баршаға,
Сəттіліктің сыбағасын тіледім.

Алтынай Алиева 6.04.2019ж



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үлгеру...

  • 0
  • 0

Талпынамыз жақсы өмірді сүруге,
Барлық жанның бабын тауып, жүруге.
Үй мен жұмыс, кездесу мен кептеліс,
Жылап жүріп, үлгереміз күлуге.

Толық

Арды ойла

  • 0
  • 0

Сенемін саған жарық күн,
Бақытқа лайық ғаріппін.
Жүрегім соғып тұрғанда,
Түндігін тілсем тамұқтың.

Толық

Уайымдаймыз несіне?!

  • 0
  • 0

Уайымдаймыз несіне?! Түңілеміз,
Шешім іздеп сан - саққа жүгінеміз.
Пешенеңе қашалған тағдырыңның,
Тұз дәміне бұйырған бүгілеміз.

Толық

Қарап көріңіз