Өлең, жыр, ақындар

Өмір. Өлшем. Өлең

Өмір. Өлшем. Өлең

"Секундқа" озық ой сияды,
Ұшқыр ғой адамның қиялы.
Сынақтай сыбаса секундтар,
"Қас - қағым" өмірді қияды.

"Минутта" мерзімнің бөлшегі,
Өмірдің өзекті өлшемі.
Біреуді минутта қуантып,
Түсіре аласың еңсені.

"Сағатта" уақыттың құрағы,
Әр сәтте тосын сый тұрады.
Жақсымен өткерген уақытың,
Сарқылмас қазына бұлағы.

"Тәулікке" тәуелді ғұмырың,
Тәулікте биіктер тұғырың.
Бақ қонса біреуге, тәулікте,
Тағынан түседі ұлығың.

"Аптада" аптығып жеті күн,
Уақыттың табады тетігін.
Жан сарай толықса-айбыным,
Пайдасыз сарқылса-жетімім.

"Айларың" өтуде бір деммен,
Жүректер жаралы - күлгенмен.
Періште көңілдер кірленді,
Пенделік өмірді сүргеннен.

"Жылдарың" жылжиды әр қалай,
Мезгіл мен мекенді таңдамай.
Жармасып жүрсек те, "жастықтан"
Алшақтап кетеміз аңдамай.

"Ғасырдың" өзіндік сәні бар,
Сабырлы өмірдің мәні бар.
Иманның жұпарын сепкендер,
Жұмақтың інжуін тағынар...

#Жүректегіжазбалар Алтынай Алиева.
15.01.2021ж



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

«Әділдік арнасы» пәлсапалық өлең

  • 0
  • 0

Әрі кеткен әділдікке, Жабықтым...
Бұғауынан шыға алам ба қалыптың?
Кейде аспанға айқайлағым келеді
Санамдағы сансыз ойлар!

Толық

Таңнан тарту

  • 0
  • 0

Бұйыртпаса қалауыңды, налыма
Басқа нəсіп жазылған ғой бағыңа.
Жүрегіңді тазалап жат əр түні
ТАҢНАН ТАРТУ АЛУ ҮШІН ТАҒЫ ДА.

Толық

Жарыма

  • 0
  • 0

Бақытым, барым басұрған,
Сүйдірген жарым жасымнан.
Жылдарым жылжып өтсе де,
Сезімім сөнбей тасынған.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар