Өлең, жыр, ақындар

Шопан

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1877
Aта кәсіп тy алыстан бас алған,
Бұл күнде оның тұр-мазмұны жасарған.
Шопан болып жүрген құрбы-құрдасқа,
Мен қызыға қарап келем қашаннан..
Жасыл жайлау, қиялымды тербейсің,
Көңіліме бір тыныштық бермейсің.
Қайда барсам қой өргізген жас жігіт,
Ақсақалды аталарды көрмейсің.
Ақыныңды шопан «көзге ілмеген»,
Киімі анау - үлде менен бүлдеден.
Қаладағы кеңестерде ол тағы,
Суырылып сөйлеп тұрар мінбеден.
Ақын. Шопан. Айту қиын бөлектеп,
Бұл жөнінде жаза берсем дерек көп.
Бір шопан дос бүгін мені ұялтты,
Бір жырымды қайта жазу керек деп.
Мен осылай ойда жоқта от алдым,
От алдым да, ойды өлеңге қотардым.
Қаламымның қасиеті артады,
Қатар қойсам таяғымен шопанның!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сенсіз...

  • 0
  • 0

Құйса да жаңбыр «шелектеп»,
Тұрмадым оны елеп көп.
Уәделі жерге мен «байғұс»,
Келемін тағы дедектеп.

Толық

Жайығым

  • 0
  • 0

Ешкімнен жасырмайтын уайымым бұл,
Бетіме бассаң да осы «айыбымды».
Кешірер мейірімі мол кәрі Атырау,
Сағынып жүрсем қазір Жайығымды.

Толық

Алматы қайыңдары

  • 0
  • 0

Сымбатына тұра алмайсың сұқтанбай,
Сол көркімен көп нәрсені ұтқандай.
Өңшең ару сыбыр-сыбыр сыр айтып,
Тауға қарай серуендеуге шыққандай.

Толық

Қарап көріңіз