Өлең, жыр, ақындар

Тағдырлас досыма

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2176
Қызықты ойындардан қалыс қалып,
Бағынан балалықтың алыстадың.
Білдіртпей есейтетін өзіңе де,
Көп пе, аз ба біршама жол жүріліпті,
Батып күн, талай таңдар түріліпті.
Ырзамын тағдырға бұл десем дағы,
Көңілдің бірі хош та, бірі күпті.
Деме сен уайымшыл боп кеткенің не?
(Түспейді қайғы бұлты бетке мүлде).
Күйбеңмен күнделікті жүріп біздер,
Сезбеппіз егделіктің жеткенін де!..
Сәт сайын аман-саулық сұрап тұрған
Жерде емес, жүрсің ғой сен жырақ қырда.
Арманшыл жүрегіме жыр ұйытып,
Мен болсам даланы осы тұрақ қылғам.
Соңымнан жүресің сен іздеп келіп,
Шын достар бір-бірі үшін үзбек демін.
Бір шығып құмарымнан қалам мен де,
Балғын шақ көз алдымда тізбектеліп.
Несіне тоқталайын айтпай бәрін:
Жетімдік маңдайға бұл жастай «дарып».
Екі үйдің төрінде де екі орын бос,
Әкеміз қан майданнан қайтпай қалып.
Арылып бұлттарынан тұнжыр аспан,
Өтті күн, дауыл жұлқып түндік ашқан.
Үстіне жұмыр жердің тік бастъқ қой,
Өткеріп қиын-қыстау күнді бастан.
Суалмай тұрса бойда тамыр-ағын,
Тек достық менің әр кез табынарым,
Тік ұстап ар туындай жүрейікші,
Еңкейтпей осы екі үйдің шаңырағын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өнер құдіреті

  • 0
  • 0

Аңыз деген шындықтың дәні ме еді,
Оларды естіп сан сырға қанып едім.
Бір қарт күйші толғаған мына әңгіме,
Көңілімді тербейді әлі менің.

Толық

Жалғыз шал

  • 0
  • 0

«Құдай маған бермеді, - деп, - бір бала»,
Отырды ол кеуде толы мұң-нала.
Ұзақ күнгі алданышы домбыра,
Ұзақ түнгі алданышы жыр ғана.

Толық

Жетелейді ілгері

  • 0
  • 0

Дегендей боп қатарыңнан қалыспа,
Жолдар мені шақырады алысқа.
Беймәлім күш алып шығып үйімнен,
Қосады әкеп, ұлы дүбір жарысқа.

Толық

Қарап көріңіз