Өлең, жыр, ақындар

Сәуір

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1990
Танытты жайдарылық сәуір бүгін,
Соңына сақтаған-ау тәуір күнін.
Үйден бір жеңіл-желпі шығайыншы,
Түссінші иықтағы ауыр «жүгім».
Осынша неге іріктің шуағыңды,
(Қаталдық қатқан мұзды куә қылды).
Ызғарды неге жуып кетпеді екен,
Жүгірген сай қуалай су ағынды.
Мұртындай бозбаланың түбіттеген,
Бүршігі көзге тіпті ілікпеген.
Көк көйлек киіп қашан шығады деп,
Қарадым теректерге үмітпенен.
Арқадан азынап бір жел ескелі,
Шөптердің сұрқы қашты белестегі.
Көктемнің көкорайы көз үйренген,
Ей, сәуір, сенің сәнің емес пе еді?..
Қойсаң да қабақ ашпай көпке дейін,
Шуақты сақтамапсың текке кейін.
Құлпырттың дүниені бір-ақ күнде,
Сондықтан саған қалай өкпелейін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалғанда...

  • 0
  • 0

Аяздың «алты қарыс тісі» қайда?
Боп кетті-ау қазіргі кез қысы майда.
Өзі де билеушінің қаймыққан сoл,
Жатқан соң зымырандар түсіп Aйғa.

Толық

Ән әсері

  • 0
  • 0

Қайтесің көмейіңде тізіп жүріп,
Шырқай түс әніңді, інім, үзілдіріп.
Қоштасқан көктеміммен табысайын,
Тұрғанда есігімнен күзім кіріп.

Толық

Осындай...

  • 0
  • 0

Көзді қазір қуантпайды далалық,
Жүрседағы баяғыша саналып.
Жердің түгін жылан жалап кеткендей,
Сол себептен қысы-жазы мал арық.

Толық

Қарап көріңіз