Өлең, жыр, ақындар

Өмірім

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2538
Көріп келем жағдайлардың небірін,
Мұңдылау боп өтіп жатыр өмірім.
Сәл нәрседен жүрек шіркін сыздайды,
Сәл нәрседен ортаяды көңілім.
Басым аман кездерім-ай бұрынғы,
Білмеппін ғой қадырың мен құныңды.
Маған қазір шын сүйеніш болатын,
Көп ойлаймын қыршын кеткен ұлымды.
He өтпейді басынан бұл адамның,
Тырп еткізбес тығырыққа қамалдым.
Өте қатты сезіліп тұр жоқтығы,
Бақұлдаспай бақи көшкен ағамның.
Қалдырмаса есте тұтар бір үлгі,
Неғылайын өтіп жатқан күнімді.
Ұл-қызының бір қызығын көре алмай,
Көп ойлаймын жастай кеткен інімді.
Ауылда анау бар еңселі шаңырақ,
Анам кетіп, қалғандай ол қаңырап.
Үлкен үй деп, өзімсініп келгенде,
Кейінгілер қарсы алар ма жамырап?
Күнімізді түсірмегей «ептіге»,
Алтын ұям мирас болғай тектіге.
Бір әулетті беделімен билеген,
Анам маған ыразы болып өтті ме?
Жүрегімде тағдыр салған жарам көп,
Қорқам кейде ушықтырып алам деп.
Жасым болса жерортадан ауыпты,
Ойланбасқа, толғанбасқа шарам жоқ!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оралға оралғанда

  • 0
  • 0

Оралым, сол аязың, бораның да,
«Ақ тайлақ» ойнақтап жүр орамыңда.
Жүгіріп шықты, міне, қарсы алдымнан,
Асыққан баладайын қол алуға.

Толық

Қызғалдақ

  • 0
  • 0

Қыр мені қызықтырып шақырады,
Ол бірақ, қызғалдақсыз тақыр әлі.
Даланы күн құрғатпай кеземін дeп,
Ұлтаны бәтеңкемнің қақырады.

Толық

Маңғыстау

  • 0
  • 1

Бұрын өңсіз жон еді бұл аралар,
Бүгін бос жер таппайсың сына қағар.
Жер төсіне қадалған темір діңгек,
Айдала самсап тұр мұнаралар.

Толық

Қарап көріңіз