Өлең, жыр, ақындар

Көрінсе біреу алыстан

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 310
Көрінсе біреу алыстан,
Өзің ғой деп дір етем.
Тағатымды тауысқан,
Лапылдаған бір от ең.
Оралады ойға әнің,
Кетіп едім, ұмытып.
Жүрсің маған беймәлім,
Кімнің жанын жылытып?!
Сен біреудің күнісің,
Мен біреудің айымын.
Тарылып беу, тынысым,
Шайқайды үміт қайығын...
Қараса біреу алыстан,
Дір етемін, өзің деп.
Төзімімді тауысқан,
Тағат қайтіп көз ілмек!
Бұраң өмір, жолы шың,
Кездесуге уақыт жоқ.
Көрінеді-ау, сол үшін,
Еске алу да бақыт боп!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болжайды сезіп, нені ішің

  • 0
  • 0

Болжайды сезіп, нені ішің,
Тыныс ап, кеудең кеңісін.
Құпия, жұмбақ қиындау,
Өмірім болар сен үшін.

Толық

Көктемгі жаңбыр, сағындым сені, шөлдедім

  • 0
  • 0

Көктемгі жаңбыр, сағындым сені, шөлдедім,
Қалыпты қаңсып, жырға да толы шөлмегім.
Алғашқы жаңбыр бетіме келіп тигенде,
Жанғандай болды қуаныштан сөнгенім.

Толық

Операция столында

  • 0
  • 0

Столға келдім жай басып,
Жарама епті қол тиді.
Қуаныш, күдік алмасып,
Толқиды, жүрек толқиды.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар