Өлең, жыр, ақындар

Емеспін ақылды дана адам

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 241
Емеспін ақылды дана адам,
Жанымда жатталар жылдар мың.
Әуелде әлемге анадан,
Жарыққа таласып туғанмын.
Бұл жарық от болса күйемін,
Жарық қой, өйткені көргенім.
Не сүйсем жарықты сүйемін,
Жарықсыз өмірім көр менің.
Тіршілік жарық боп атанған,
Тіршілік тұтанған жаңа шам.
Бүгінгі асығыс бет алған,
Онсыз мен жолымнан адасам.
Жастықта жалт еткен елеске,
Жаныңның кетпесе көктемі.
Жарығы өмірдің емес пе,
Осынау алтын күн көктегі.
Жарықпен жанға көп жамалды ой,
Тізіліп алғы күн жолдары.
Бәрінен көз тұрып жаман ғой,
Көңілдің қараңғы болғаны.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір деген бұтақты зор қарағай

  • 0
  • 0

Өмір деген бұтақты зор қарағай,
Асығады құшуға таңдағы арай.
Бір жапырақ тартады көкке қарай,
Бір жапырақ тартады жерге қарай!..

Толық

Ағын судай көңілдің жоқ тұрағы

  • 0
  • 0

Ағын судай көңілдің жоқ тұрағы,
Сезім толқып ішіме кеп тұнады.
Көздерімді көзіңе қаратқызбай,
Ыстық жалын сен жақтан бетке ұрады.

Толық

Қоғадай жүрген иіліп

  • 0
  • 0

Қоғадай жүрген иіліп,
Шалқайып қапты бір кісім,
Жолдарым жатыр түйіліп,
Қомданып, ұшпай жыр құсым.

Толық

Қарап көріңіз