Өлең, жыр, ақындар

Жүріп-жүріп болдырып

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 322
Жүріп-жүріп болдырып,
Шабытқа боп шала бай.
Жылап-жылап алды бұлт,
Таяқ жеген баладай.
Құйғандай-ақ шелекпен,
Өтті көктен сел төгіп.
Жер үстінде жел әттең,
Кетер еді төңкеріп.
Өрт жайлап бір бұлт ішін,
Егілді емен қартамыс.
Талай күнгі күлкісін,
Ұрлап дүлей арпалыс.
Басқа түспей таудай сын,
Өткермей көзден күнді ауыр.
Дауылды жырлай алмайсың,
Жаныңда соқпай бір дауыл!
Өшіріп үрей шаласын,
Қарасаң қарсы сыр ұғып.
Кеткен бе деп қаласың,
Жер мен көкті бірігіп.
Болмаса боран осылай,
Сарқылмаса сабырың.
Өтер ең білмей, досым-ай,
Тыныштықтың қадірін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір деген бір өкініш, бір үміт

  • 0
  • 0

Өмір деген бір өкініш, бір үміт,
Мейлі, маған қарамғын бұрылып.
Қуанатын сәттерім бар ішімнен,
Құрдас болып туғандығың үшін мен.

Толық

Сағанда мен жақпадым

  • 0
  • 0

Сағанда мен жақпадым,
Оған да мен жақпадым.
“Сары белден сарғайып” –
Кеш боп атты ақ таңым...

Толық

Қарағай мен қайың

  • 0
  • 0

Бірге өсіп тұр қайың менен қарағай,
Жапырағынан сығалайды қарап ай.
Менсінбеген сыңайменен шалқайып,
Қарағайға қайың қыз тұр қарамай...

Толық

Қарап көріңіз