Өлең, жыр, ақындар

Айхай, менің кең далам

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 336
Айхай, менің кең далам,
Жазылып қалды-ау құшағым.
Көңілді осынау толмаған,
Көміп бір кетті-ау күш, ағын.
Айхай, менің кең далам!
Самалдап кетсін жыр кеуде,
Сапыр да сүйре өрге сен.
Аңсап-ақ қалам бір демде,
Сан мәрте сәтте-ақ көрмесем.
Айхай, менің кең далам!
Көркіңе ендім көп оймен,
Өзенің болып күміс үн.
Күйіңді таршы көмейден,
Ашылып қалсын тынысым.
Айхай, менің кең далам!
Толқынға көміп денемді,
Ләззатқа жұмбақ өртеніп.
Басыма төсеп төбеңді,
Ақ бұлтыңды көрпе ғып,
Ұйықтайыншы, кең далам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жер ешкімді бөлместен тербеледі

  • 0
  • 0

Жер ешкімді бөлместен тербеледі,
Бергенінен көп әлі, бермегені.
Айналамнан анталап, иті өмірдің,
Қуып тығып барады көрге мені...

Толық

Айтудан ашық арланам

  • 0
  • 0

Айтудан ашық арланам,
Көзіме менің жас толды.
Жанымды мәңгі арбаған,
Маржан дегенім тас болды...

Толық

Жетісу толқыны

  • 0
  • 0

Жетісу, туған жерім, Иранбағым,
Бойына ұлылықтың жиған бәрін.
Дүниеде сенен асыл, Сенен артық,
«Сұлу жер бар» - десе мен иланбадым.

Толық

Қарап көріңіз