Өлең, жыр, ақындар

Құлан едім...

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1790
Құлан едім құлдыраған далада,
Еркіндікке ерке көңіл қана ма?
Аяғыма тұсау түсер деген ой,
Еш уақытта кірген жоқ-ты санама.
Ойын-тойда өлең оқып, ән бастап,
Өзгелерден мерейім де болды асқақ.
Қыз құйған шай үйіретін таңдайды,
Ішкен кезде жатып алып жамбастап.
Сөйтіп жүріп, «нысанаға іліктім»,
Бірі болдым отау құрған жігіттің.
«Батырыңның» екі көзі төрт болды,
He боларын жүрер дейсің біліп кім.
Қош бол енді, бозбала шақ - бұлалық,
Тілегімнің жүрдің бәрін құп алып.
Тұңғыш ұлым дүниеге келді де,
Мойыныма сарт еткізді бұғалық.
Ал қазір де аяғымды басам жай,
(Бұрынғыдай жалт-жұлт етпей, жасанбай).
Қазығыма тура тартып келемін,
Тулап-тулап, басүйренген асаудай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұнатам

  • 0
  • 0

Ізет қылып үлкенге тік тұрганды ұнатам.
Аз сөзбенен көп ойды ұқтырғанды ұнатам.
Сыр бүкпейтін досынан ашықтықты ұнатам,
Бәрінен де өмірге ғашықтықты ұнатам.

Толық

Немере

  • 0
  • 0

Мені күнде қуанышқа бөлеген,
Тәй-тәй тұрып келе жатыр немерем.
Күндіз естен, түнде түстен шықпайды,
Тәтті еді, тәтті еді не деген!

Толық

Қызғалдақ

  • 0
  • 0

Қыр мені қызықтырып шақырады,
Ол бірақ, қызғалдақсыз тақыр әлі.
Даланы күн құрғатпай кеземін дeп,
Ұлтаны бәтеңкемнің қақырады.

Толық

Қарап көріңіз