Өлең, жыр, ақындар

Сұлу емеспін деп

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 372
Сұлу емеспін деп,
Бекерге шын тәңірге өкпелеппін.
Сұлулармен жүріппін теңескім кеп,
Алалығын сезсем де бетпе-беттің.
Бала шақта,
Жүрегім лапылдап тұрған жанып.
Мініп талай таласып ағаш атқа,
Көбелектей гүл қудық қырдан барып.
Жыр құмармыз,
Жанымыздан бір шумақ тумаса да.
Иемдендік сұлуды сыртынан біз,
Бізді ол сұлу ұнатып тұрмаса да.
Ой кеткенге
Қол жетіп көре алам ба.
Сүю жайлы бүгінгі бой жеткенге,
Мен ақыл бере алам ба?!
Есті сырдың –
От алдым мекенінен,
Сұлу, сұлу деп жүріп кеш түсіндім,
Жастықтың өзі сұлу екенін мен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Семесің ғой, өлесің ғой гүл атпай

  • 0
  • 0

Семесің ғой, өлесің ғой гүл атпай,
Тыным алсаң өлеңім.
Таң алдында лайланбаған бұлақтай,
Тұнып ақсам деп едім.

Толық

Менің рухым

  • 0
  • 0

Айта алмастан сыртқа сырды ашып көп,
Ой қуамын, дулы ортадан қашып кеп.
Өмір сүрдім, көз жетсе де, қол жетпес
Жұмбақ, алыс биіктерге ғашық боп.

Толық

Өңімде ойлап, түсімде көрем

  • 0
  • 0

Өңімде ойлап, түсімде көрем,
Еңсемді басып қорғасындай жыр.
Өзіңе деген ішімді өртеген,
Өмір ме екен, шөл басылмай жүр.

Толық

Қарап көріңіз