Өлең, жыр, ақындар

Білмейді менің ешкім жоқ-барымды

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 789
Білмейді менің ешкім жоқ-барымды,
Білмейді қиын-қыстау шақтарымды.
Қағазға жүрегімнен құямын мен,
Жырымды, жарығымды, оттарымды.
Барлығын бойда бардың құямын мен,
Жарысып бүкіл болмыс, қиялыммен.
Сен мені білгің келсе, бейтаныс дос,
Білесің толығырақ күй-әнімнен.
Түсінер бұл сырыңды дұрыстап кім,
Дос тапсам, көңіл серік, ырыс таптым.
Ал онсыз жарыммын мен, жаным жүдеу,
Тырысып сәл нәрсеге ұрысқақпын.
Біреуді бар жаныммен емдеп беріп,
Ал өзім жүрген шақта шөлдеп кеуіп.
Айрылған кездерім бар тіл мен жақтан,
Көзіммен жан досымды жерлеп келіп...
Түспей ме күн арқылы гүлге шуақ,
Әрқилы оралады тілге сұрақ.
Сыланған айдындағы аққудайын,
Құдай-ау, сыланамын кімді есіме ап.
Бір кезгі жақын деген бөтен бүгін,
Сезіндім көп нәрсенің бекерлігін.
Сезіндім өлеңі дос ақынға бір,
Өмірден артық сый жоқ екендігін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түн түсінер ай мұңын

  • 0
  • 0

Түн түсінер ай мұңын,
Кім түсінер қайғы үнін?
Көзқарас пен кешегі
Сезімімнен айныдым...

Толық

Жастық жайлы

  • 0
  • 0

Жастықтың бар қызуын құйып қанға,
Уақыттардың жүгін сап иықтарға.
Тулаған өр толқындай екпініңмен
Бүгіндер сен шықпаған биік бар ма.

Толық

Келіншек және бала жігіттің сезім шарпысуы

  • 0
  • 0

Бала жігіт... бусанады жас көңіл,
Өртенеді шыға алмай бір тұманнан.
Түске айналып бара жатты басқа өмір,
Таутекедей тастан тайған тым аңғал!..

Толық

Қарап көріңіз