Өлең, жыр, ақындар

Сыр

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 306
Шуылдап көңілімде жасыл орман,
Кеудемді мекен еткен асыл арман.
Қалдым ба жасанам деп сәл кешігіп,
Жүрсің бе жігіт болып тосып алдан.
Білмеймін, сәтті айтқан бір әнбісің,
Ән болсаң шырқап талай жұбанды ішім.
Арман болып көрінген аласаға
Асқар шыңды айналған қыранбысың!
Мұраға қалған сөз бе ең аталардан,
Ұрпақтарға ақ тілек батаны алған.
Кім білсін, содан шығар жүрміз бүгін,
Жетпегеннің бәрін де атап арман.
От беріп, жігер құйып бар көңілге,
Ей, арман қиялдармен самға бірге.
Кеудемді өрге сүйрер сен болмасаң,
Құлшынбас ем келетін алғы өмірге.
Ұнамай жүр бір айтқан ән кешегі,
Үмітім өшсе менің мәңгі өшеді.
Қолдағы бір тостаған қымыз болсаң,
Төгіп алған шығармын әлде сені...
Осынау өзімдегі жоқ көрікпен,
Білмеймін, кей сұлуға кектеніп пе ем.
Үркітіп әлде содан алдым ба екем,
Бір арманды бастағы көп көріп мен.
Келсең бауырым, өмірден кет өкінбей,
Қуанышын бөктеріп өтер күндей.
Арманына жеткендер бір-ақ сәтте
Бақытынан жарылып кететіндей...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауысқан сезімнің сыры мұңға

  • 0
  • 0

Ауысқан сезімнің сыры мұңға,
Өстің бе жоқ, әйтпесе құрыдың ба?
Таласқан бұл тіршілік өтіп жатыр,
Ешкімнің уақыты жоқ бұрылуға.

Толық

Арманыңа алтын орда аш менен

  • 0
  • 0

Арманыңа алтын орда аш менен,
Өшпейтұғын жазайын бір тасқа өлең.
Шу-шу етіп жапырағы қол соқсын,
Куә болып жылдарменен жасты емен.

Толық

Айданаға

  • 0
  • 0

Айналайын балапаным Айданам,
Саусағыңды ақ сәуледей жай, маған.
Аңсап барып сүю үшін өзіңді,
Мазасыз бір жер анадай айналам.

Толық

Қарап көріңіз