Өлең, жыр, ақындар

Менің де жайлап жаққан бір отым бар

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 252
Менің де жайлап жаққан бір отым бар,
Қонақ боп қайтам десең, жүр, ақындар.
Еске алып бір досымды жыласам мен,
Жабылып жырмен бәрің жұбатыңдар!
Қонақ боп қайтам десең, жүр, ақындар,
Төрінде көңілімнің гүл атыңдар.
Қылығын бір досымның есіме сап,
Күлдіріңдер немесе жылатыңдар.
Баратын басқа жерің жоқтай-ақ кел,
Ешкімге төгіп-шашып, айтпай-ақ кел.
Қысылып біреулерше, қымтырылмай,
Қақпаны рұхсат сұрап қақпай-ақ кел!
Шаттықтан уақыт болмай қайғыруға,
Із салып тұрсаңдаршы, ай-жылында.
Желкендей көтерілген кішкене үйім,
Тербеліп тұрсын жырдың айдынында!..
Ұмытсаң да тіпті сен есімімді,
Қараймын да көзбенен кешірімді?
Бұл адамдар қиыспас досым деймін,
Төріме қақпай шықсаң есігімді.
Менің де жайлап жаққан бір отым бар,
Жүр, ақындар, кәнеки, жыр оқыңдар.
Жанымның жайлауында көкпар тартып,
Төрінде көңілімнің гүл атыңдар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тыныштық – тынысым

  • 0
  • 0

Планета тынысы –
менің тынысым,
сенің тынысың.
Хабарсыз отырсам кетеді тынышым.

Толық

Еңкіш емес, емендей түзу едің

  • 0
  • 0

Еңкіш емес, емендей түзу едің,
Байқамадым, қонғанын жүзіңе мұң.
Құдіреттім-ау, бұл күнде өзің тұрмақ,
Басып кеткен тең келер ізіңе кім?!

Толық

Күн тұрғанда басымда

  • 0
  • 0

Күн тұрғанда басымда,
Күн қадірін білмеппін.
Дос тұрғанда қасымда,
Дос қадірін білмеппін.

Толық

Қарап көріңіз