Өлең, жыр, ақындар

Соғады жүрек сезіммен толқып, бұлқынып

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 382
Соғады жүрек сезіммен толқып, бұлқынып,
Кеудемнен шығып, шығандай бөлек ұшардай.
Аққудай әсем айдынды сүйіп, сілкініп,
Арманым болған ақ бұлтты барып құшардай.
Шаттықты қосып, пәктікті қосып өлеңге,
Таңымды ояу қарсы алам жарқын бейнемен.
Менің елім осынау жарық әлемге,
Тілімен емес, жүрегімен ғана сөйлеген!
Аңсауда өткен, шаршауда өткен күндердей,
Асықсам алға, жаныма шырақ жағады.
Өлгендердің де жүрегі сонда бірге өлмей,
Менің тірі кеудемде мынау соғады!..
Көкжиекке күзет қып қос жанарын,
Кеудесін тосып күндерге өткен арман көп.
Ұйқысын бұзбай, күлкісін үзбей баланың,
Соғады жүрек, тыныштыққа қорған боп!
Адамға дәуір шындықты ғана дос еткен,
Шындықсыз өлең жазамын, жаным, мен қалай?
Тірлікті бейғам тұрғызып жылы төсектен,
Соғады жүрек төске ұрып жатқан балғадай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тамшылар

  • 0
  • 0

Ақталып қашанғы арман, қашанғы үміт,
Көзіне сұлу қыздың жас алдырып.
Жығылмай көкке шаншып секіргенде,
Асауды үйретер тек асау жігіт.

Толық

Оят мені

  • 0
  • 0

Жел боп кіріп көңіліме жабыққан,
Оят мені ақ сәулеңмен, жарық таң!
Сұлулыққа таңдануды о баста
Мінезіме ана сүті дарытқан.

Толық

Мен – «ол» әйел емеспін

  • 0
  • 0

Мен – «ол» әйел емеспін,
Тағдырға мойын ұсынам.
Білмеске бұлдыр, елеспін,
Білгенге қыздай қысылам...

Толық

Қарап көріңіз