Өлең, жыр, ақындар

Таулардан ақбоз құлап таң

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 251
Таулардан ақбоз құлап таң,
Толғатқан шақта күміс күн.
Сай жаққа өрген бұлақтан,
Етпеттеп жатып су іштім.
Басымда ойлар айқасты,
Еркіне еріп сезімнің.
Жағада жатқан қойтасты,
Жастанып жатып көз ілдім.
Табиғат тірі кестедей,
Көшіріп берсем өлеңмен.
Ауаны турап кеспедей,
Аққулар ұшты төбемнен.
Қалғып бір кетсем, ой қамап,
Саусағын жазып құрсаған.
Бетімді желпіп аймалап,
Оятып алар бір самал.
Өтпейді сенсіз күнім көп,
Кетпейді сенсіз күнім көп.
Туған жер, саған құлын боп,
Орала берем ширығып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыйлар... мейлі сыйламас

  • 0
  • 0

Сыйлар... мейлі сыйламас,
Біліп... мүмкін білмейді.
Деген, бабам, «Жиде ағаш -
Өз жерінде гүлдейді»...

Толық

Мен сені күтіп, іздедім

  • 0
  • 0

Мен сені күтіп, іздедім,
Келер деп бірге көктеммен.
Үміттің жібін үзбедім,
Жылдарым жылжып өткенмен.

Толық

Ұмытыппын...

  • 0
  • 0

Ұмытыппын...
Бәрі-бәрі өзгерген,
Өзіме жат көрінеді өз кеудем.
Жан-жағыма жаутаңдап бір қараймын,

Толық

Қарап көріңіз