Өлең, жыр, ақындар

Туған жерден шыққан жолдай таралып

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 215
Туған жерден шыққан жолдай таралып,
Оңаша ойдан отырамын нәр алып.
Маған анам “доп домалақ болып сен –
Кіндігіңе тудың, - дейтін оралып”...
Періштедей перзентіңді аяулы ел,
Аналардың жүрегіндей аяй гөр.
Тарс байланған аяғым мен қолымды
Әрең жазып алған көрші әйелдер.
Өмір кейде күдікпенен, күмәндай,
“Ғажайыпты” көрді дейсің кім ондай?
Ойға кетем табиғаттың ұсынған,
Не жұмбағы екенін бұл, біле алмай.
Жарық дүние, сыйлапты өмір, ата-анам,
Ата-анама құс жолымен жете алам.
Туу алысқа туған жерден кете алмай,
Кіндігіме оралғандай, маталам.
Матауымды үзіп шығып не табам?...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білмеймін кімге жылап, кімге сенем

  • 0
  • 0

Білмеймін кімге жылап, кімге сенем,
Шоқ іздеп қолым күйді күл көсеген.
Мұнарды көңілімді мұң басқанда,
Сәуле ішкім келеді бір Күн кеседен...

Толық

Туғаннан жақсылыққа көрші екенмін

  • 0
  • 0

Туғаннан жақсылыққа көрші екенмін,
Татпадым өмірдің көп мен шекерін.
Түсініп достасуға көгершіндей
Жүректі жүректерге елші етемін.

Толық

Іле бойында

  • 0
  • 0

Су бетінде күміс сәуле сырғанап,
Ай жанары маңдайынан бір қарап,
Бара жатыр сылқ-сылқ күліп қыз толқып,
Көкшіл шәйі орамалын бұлғалап.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар