Өлең, жыр, ақындар

Киіктің көзінде

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 256
Көңілсіз көп күндерім өтер енді,
Жазықсыз бір сұлулық бекер өлді.
Сақталған музейдегі сұр киіктің
Көзіне көзім түсіп кете берді...
Жаққанда аспаныға отын әр күн,
Қалайша қашып кетпей қапы қалдың.
Адамның арылмайтын қасіретін
Киіктің көздерінен оқып алдым.
От ұшып тұяғынан уақыт талған,
Қас-қағым, болғаны ма бақыт, жалған.
Жас емес, жан тамшылап жанарынан –
Жанары қара тастай қатып қалған.
Өмір ме, өмірге бір шөлдемеген,
Бір кезде қыр қамшылап, жел жебеген.
Сұр киік бауырынан дала көшіп,
Көк аспан көздерінде дөңгелеген.
Белгілі ойрандалған Отырардан,
Тарихта қаталдың да аты қалған.
Осынау кербез керім сұлулықты
Кім екен, зұлымдықпен атып алған?
Тудың сен, ана киік қай анадан,
Табиғат алақаны аялаған.
Кектеніп кеттің бе екен, адамзатқа –
Тегі бір, бірін-бірі аямаған.
Сен үшін бәрі өтпелі, рахат, жалған,
Сияқты «ақырзаман» тақап қалған.
Құтылар қайда қашып, адам киік,
Өздері ойлап тапқан апаттардан.
Тартқандай таулар жылап, дала күйік,
Жаныма жанары тұр алау құйып.
Өлімге бірін-бірі қалай қиды,
Өмірде тағдыры ортақ адам, киік?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Астанаға

  • 0
  • 0

Ерліктің ел қолдаған бастамасы,
Алдыңда асатын бел, асқар асу.
Төсінен Сары арқаның бой көтерген,
Астана Қазақстан бас қаласы.

Толық

Ілиясқа

  • 0
  • 0

Жан едің күй іздеген, жыр іздеген,
Көңілден биік арман, сыр үзбеген.
Сен кеше өр едің ғой, құдіретті,
Тілдескен сонау асқар шың құзбенен.

Толық

Берілмесін тек соғысқа еркіндік

  • 0
  • 0

Еркін дем ап тыныс алсын бұл кеудем,
Кең далаға шығайықшы жүр, сәулем.
Еркіндіксіз тұншыға бір күлгеннен,
Еркіндікпен жылағаным бір дәурен.

Толық

Қарап көріңіз