Өлең, жыр, ақындар

Бір шөл бар, ауада мен жұтқан

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 262
Бір шөл бар, ауада мен жұтқан,
Сергімей жүруім сондықтан.
Ән жұту орнына, шаң жұтып,
Сайрамай тұрады қалғып тал.
Бір шөл бар, аспан мен жерде де,
Салып көр, санаға, зердеге.
Көзінің жасын әйелдің
Шөлдеумен өтеді ер неге?...
Шөлдеумен көгінде күн самғар,
(Сәулеге дүние сусаңдар)
Ғасырлас ғашыққа басылмас,
Кеудемде кететін бір шөл бар.
Білмеймін, талматүс кезім бе,
Тізгінді берген от сезімге,
Жаутаңдай қараған жарыққа
Бір шөл бар гүлдердің көзінде...
Аспанды алардай жұтып қыр,
Ұйысқан бұлттарын түтіп бір.
Ақ жаңбыр соңынан тағы да,
Тағыда шексіз шөл күтіп тұр.
Тек кетпес, көңілге келген ой,
Қаңсыған аңсайды көл, көмей.
Айнала шөлдеген өмірден
Өтейін мен қалай, шөлдемей?
Күн шөлдеп, ұяға батпаған,
Дерт қой бұл, дауасын таппаған.
Мен білсем, қанбайтын мәңгілік
Бір шөл бар, дүниені аптаған.
Кім жанды, білмеймін кім сөнді,
Шөлдеумен қанша гүл семді.
Дамылсыз нөсерлер жауса да,
Басады-ау демеймін бұл шөлді.
Өртеген өзекті бір шөл бар...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Батыр қызға

  • 0
  • 0

Жер жүрегін жүрекпен тыңдап алып,
Емін-еркін жуынып, күнге жарық.
Жеңіс күнге арнап көп гүлдер тердім,
Мен сен үшін, Әлия, қырға барып.

Толық

Операция столында

  • 0
  • 0

Столға келдім жай басып,
Жарама епті қол тиді.
Қуаныш, күдік алмасып,
Толқиды, жүрек толқиды.

Толық

Мен соғысты көргем жоқ

  • 0
  • 0

Соғыс деген суық үн,
Соғыс деген күз, қайғы.
Соғыс десе буыным,
Сынбай тұрып, сыздайды...

Толық

Қарап көріңіз