Өлең, жыр, ақындар

Айтарым көп, қалай бастап, не деймін

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 308
Айтарым көп, қалай бастап, не деймін,
Ит үреді, иттің несін елеймін?
Сыртқа, жарық дүниеге шыға алмай,
Тұйықталам, тұтқыны боп мен ойдың...
Серпіп ашып, аспанымнан төнсе түн,
Табиғатпен сөйлесер ем келсе тіл.
Ұшып барып, көрсем деп ем көзіммен
Күнім батып бара жатқан жер шетін.
Ойларымнан ауыр тартты арманым,
Сезімімнің шашып алдым маржанын.
Жылдамдатып айналдырып көрер ме ем,
Дөңгелегін уақыт деген арбаның.
Келе жатқан топан су ма, тасқын ба?
Өзегімді толтырды ойлар ашты уға.
Үнім шықпай, тұншығамын талықсып,
Қалғандай сан ағыстардың астында.
Айтарым көп, жыр жазуға ерінем.
Сезім қардай алақанда еріген.
Көкірегімді көпір етіп үстімнен
Көшіп бара жатыр өмір керуен.
Қасіреттің көз жасына гүл шығып,
Ауыр тартып барады ойлы тіршілік.
Кешір елім, тіл қатуға кешіксем,
Уақыт, хабар тасқынына тұншығып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір арман

  • 0
  • 0

Асулардан қаншама аман өттім,
Уақыт өзі бергендей маған екпін.
Көктемімді тойлауға шақырып бар
Достарымды келеді қонақ еткім.

Толық

Ақ сүт

  • 1
  • 0

Ақ сүт, алғашқы мен емген,
Аналық аспанды көкірек.
Қан тамыр айналған денеден,
Ембеймін сәби боп екі рет...

Толық

Кимешек

  • 0
  • 0

Замана сырын ақтарып,
Өмірден өзге күй көксеп.
Музейде тұрсың сақталып,
Сарғайған сары кимешек.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар