Өлең, жыр, ақындар

Арман, арман о, қандай асқақ еді

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 314
Арман, арман о, қандай асқақ еді.
Көрінеді асқаққа тас та әдемі.
Солып қалар суыққа көңіл гүлім,
Қатарына кәрінің қоспа мені.
Көңілдегі сөнген жоқ шамы үміттің,
Шағылыппын, жолдарда сағыныппын.
Сүйе алатын кеудемде жүрек барда
Менен алыс ауылы кәріліктің.
Аман болсын, ағалар «қыз» демеген,
(Қарындасын ат мініп, іздемеген)
Қиналмастан көгілдір көңілдегі
Көктемімді мен қалай күзге берем.
Бір жұлдызым тартады аспан жаққа,
Ақша бұлттар айналып баспалдаққа.
Дабылдатқан өмірі жалын атқан,
Сол кәрілік, өзіңдей жас болмап па?
Сарғайды деп кешегі жасыл аймақ,
Заңдылыққа күрсініп, жасымай, бақ.
...Өмірімнен арман не, өтсе бір сәт,
Бұғы мүйіз найзағай жасын ойнап.
Әсемдікке жеңдіріп ерікті бар,
Көзім менің барлығын көріп тынар.
Әр жыл сайын көргендей көктем қайтып,
Жыр көктемі ақынның келіп тұрар.
Желбіретіп жастықтың ар туларын,
Алдым асыл уақыттың тартуларын.
Көздеріңе көңілден көшіріп ал,
Бұтақтанған найзағай жарқылдарын!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір жас әйелге...

  • 0
  • 0

Өлуге тумай жатып кім асығар,
Күн шығар, мезгілімен гүл ашылар.
Өтінем, жауап берші, ей, жас әйел,
Тумаған сәбидің не кінәсі бар?

Толық

Әйел көңілі, айт, қашан шағылыпты

  • 0
  • 0

Әйел көңілі, айт, қашан шағылыпты,
Әлдилеумен бар арман, бар үмітті.
Келген жәйлап, білдірмей, уақытпенен,
Мойындамай жүреді ол кәрілікті.

Толық

Жыр қаламым, жазараңды жазып қал

  • 0
  • 0

Жыр қаламым, жазараңды жазып қал,
Сезім деген солқылдаған нәзік тал.
Сапар шексем, көз жазбайын адаспай,
Арман атты сенімді алтын қазықтан.

Толық

Қарап көріңіз