Өлең, жыр, ақындар

Өтеді бәрі, бір ойды бір ой қозғайды

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 213
Өтеді бәрі, бір ойды бір ой қозғайды,
Бәсекелесіп, таулардан таулар озбайды.
Кешкі күннің шапағына шомылып
Қызыл шоқ бұлттар көгімде маздап, қоздайды...
Қызыл шоқ бұлттар, көгімде қоздап көшеді,
Өртенген күннің көзінде жанып, өшеді.
Айналып жерде аспанның жүзін қалқалап,
Көлеңкедей көшумен өмір көшеді.
Өтеді бәрі, елеске ұқсап өтеді,
Байлауы жоқ, белгісіз тұрақ, мекені.
Көкжиекке батқанда күнім қызарып,
Қызыл бұлттың көкрегі жанып кетеді...
Өмір солай, өтеді бәрі, өтеді...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір жас әйелге...

  • 0
  • 0

Өлуге тумай жатып кім асығар,
Күн шығар, мезгілімен гүл ашылар.
Өтінем, жауап берші, ей, жас әйел,
Тумаған сәбидің не кінәсі бар?

Толық

Көңілім қалған көп жаннан, көп сенбеймін

  • 0
  • 0

Көңілім қалған көп жаннан, көп сенбеймін,
Өзіңдегі өмірді көксердеймін.
Жер бетінен аспанға бу боп ұшып,
Жер бетіне су болып жетсем деймін.

Толық

Өтті, кетті, елес күнім

  • 0
  • 0

Өтті, кетті, елес күнім,
Өмірім ерлік емес бүгін.
Кеш түсіндім, ештеңенің,
Мәңгілік, шын еместігін...

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар