Өлең, жыр, ақындар

Құлағында ай сырғаң дір-дір етіп

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 241
Құлағында ай сырғаң дір-дір етіп,
Қарар екен, кім саған үлбіретіп.
Жігіт болсам, бағымда сайратар ем,
Еркелетіп, ұшырып, бұбұл етіп...
Құс қауырсын сезімін дір-дір етіп,
Жүр едің сен, кетті екен кім жүдетіп?
Ай-сырғаңа шағылып аспандағы ай,
Ай жүзіңді тұрғандай түн жыр етіп.
Қара түнге ұқсап бір қара шашың,
Орманында ойлардың адасасың.
Жаулағандай шашың түн, сырғаң ай боп,
Сұлулықтың көрсетіп «тамашасын».
Сынай қарап, сыңаймен өкпелеген,
Келе жатыр көңілден көктеп өлең.
Айлы түндер құбылтып ай сырғаңды
Сиқырлы қыз, алыстап кетпе менен...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жыр қаламым, жазараңды жазып қал

  • 0
  • 0

Жыр қаламым, жазараңды жазып қал,
Сезім деген солқылдаған нәзік тал.
Сапар шексем, көз жазбайын адаспай,
Арман атты сенімді алтын қазықтан.

Толық

Сәби дауысы

  • 0
  • 0

Қысыла ма, кім білсін жас жүрегі,
Орындалмай ойдағы еш тілегі.
Түн ішінде көрші үйден іңгәлаған
Нәрестенің дауысы естіледі.

Толық

Көктемімнің қарлығаш – қыз қонағы

  • 0
  • 0

Көктемімнің қарлығаш – қыз қонағы,
Кетер күлсең көңілдің ызғары әлі.
Көре алмастар атыңа күйе жағып,
Сенің мынау көркіңді қызғанады...

Толық

Қарап көріңіз