Өлең, жыр, ақындар

Түні бойы қорқынышты түс көрем

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 218
Түні бойы қорқынышты түс көрем,
Өксіп жылап қиналамын тістенем.
Ұмытуға тырысамын оянсам,
Күндіз күткен күйбеңі көп іспенен.
Сүйетұғын көктем күйін, құс үнін,
Сезімі бар сырттай «момын» кісімін.
Асау жүрек жүрісінен жаңылып,
Көтеріліп кете ме, қан қысымым?
Сырт көздерге жоқ сияқты түк мұңым,
(Қиналғаннан болар, түнде шықты үнім).
Таң алдында күміс табақ толған ай,
Тереземе тұрады емізіп сүт нұрын...
Бәрін әлі, ұмыттырар бар таңым,
Әр таңыма үмітімді артамын.
Жатар кезде тыныш таныс төсекке
Тартысқа кеп түсетіндей қорқамын...
Үзік-үзік ленталардай түс көрем,
Тағдырға бұл қинайтындай не істеп ем?
Ойда жоқта орнықтырып кетер кім,
Жүрегімді орынына түспеген?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайта оралған қазан

  • 0
  • 0

Алыс-жақын, аңдап, бағып аңысын,
Ата жауға қолдан бермей намысын.
Әке менің түзде жортып, түн қатқан,
Қара бала, қара қазан қамы үшін.

Толық

Уақыт үні

  • 0
  • 0

Қозғалыс! Қозғалыс қой, уақыт деген,
Уақытпен үндескен бақытты өлең.
Өткел бермес өмірдің бір кісідей,
Ащысы мен тәттісін татып келем.

Толық

Самал боп сағынышым, кел, кел маған

  • 0
  • 0

Самал боп сағынышым, кел, кел маған,
Бір күйді берші, шертіп, шерте алмаған.
Мен сенің көз тиер деп, арқандалған
Ноқталы ботаң болдым, көркем далам.

Толық

Қарап көріңіз