Өлең, жыр, ақындар

Күз

  • 27.11.2015
  • 0
  • 2
  • 10343
Сұңқылдап, сазды әуенді тауып түрлі,
Қоштасып, көкте аққулар сауық құрды.
Қанаттан ұшып түскен мамықтай боп,
Төбемнен жапырақтар жауып тұрды.
Барады бірте-бірте түн ұзарып,
Аспанда аққан жұлдыз ізі қалып.
Ақ қайың әудем жерде мұңайып тұр,
Көктемгі әсем әнін үзіп алып.
Ерте тұр, төсегіңнен кеш тұр мейлі,
Құстардың үні шатты естілмейді.
Көйлектей оңып кеткен, күлгін тартып,
Көкжиек қорғасын бұлт кескіндейді.
Бәрінен, бәрінен күз сезіледі,
Қайтеміз, жүреміз ғой төзіп енді.
Билікті өз қолына алып жатыр,
Жылдың бір маусымының кезі келіп.



Пікірлер (2)

қарақат

түсінікті және керемет

Пікір қалдырыңыз

Ауылда

  • 0
  • 0

Қатал боп тұр мына заман нарығы,
Қатты боп тұр нарығыңың қарымы.
Қанша жүрдім қараңғыда қарманып,
Қайда кеткен ауылымның жарығы?

Толық

Күдік

  • 0
  • 0

Көз ілдірмей тағы да бір таң атты,
Қайдасыңдар, тың ойларым қанатты?
Ертелі-кеш ақ қағазга үңілтіп,
Ақындарды құдай солай жаратты.

Толық

Ой ұшқыны

  • 0
  • 0

Жанға жинап дүниенің жарығын,
Жас кезімде лапылдады жалыным.
Жалпы жұртты жарылқауым қиын ғой,
Көп жүрекке ашпа болып дарыдым.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер