Өлең, жыр, ақындар

Жылатып өмір жұбатар

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 455
Жылатып өмір жұбатар,
Келіс, мейлің, келіспе.
Тірінің бәрі күнәһар,
Өлгеннің бәрі періште...
У- шуына базардың,
Барады бәрі асығып.
Жібіне бір күн ажалдың,
Қаларын білмей асылып.
Жүрек без бе, темір ме,
Мұнарға тұр батып тау.
Өлімі бар өмірге –
Келмеген жан бақытты-ау!
Бірі жанып, бірі өшкен,
Жұлдызды кім танымақ?
Тірілерге тірескен,
Араша түсші «аруақ»!
Дүниеде мына, тар,
Жету қиын жеңіске.
Көңілім кейде күнәһар,
Өлімім бейне періште...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таулар, таулар!

  • 0
  • 0

Таулар, таулар, сырларыңа қанықпын,
Тас төбеңнен көтерілер талып түн,
Бітіміңмен қайсарлықты паш еткен
Сен деп білем көкірегін алыптың.

Толық

Сәби-қар

  • 0
  • 0

Қар жауып тұр, қарашы, қар жауып тұр,
Ақ қанатты аспаннан ар жауып тұр.
Көкпен жердің арасы ақпандағы,
Тазалықпен тұрғандай жалғанып бір.

Толық

Астанаға

  • 0
  • 0

Ерліктің ел қолдаған бастамасы,
Алдыңда асатын бел, асқар асу.
Төсінен Сары арқаның бой көтерген,
Астана Қазақстан бас қаласы.

Толық

Қарап көріңіз