Өлең, жыр, ақындар

Ей Алатау!

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 254
Ей Алатау!
Тұлғаңды таңда сүйген Күн,
Саған қарасам, кеудемде толқыр күйлер мың.
Күмістеген ер басындай ақ қарлы,
Асқарыңнан асқақтықты үйрендім.
Арлы тауым!
тұнған өлең сол кейпің,
Алыс шықсам, арманымсың, шөлдейтін.
Бала кезде алғыс алсам, әжемнен,
«Айналайын Алатаудай бол» - дейтін.
Ей Алатау!
қойныңды жел кеулеуде,
Тілің келмес түнеріп бір беу деуге.
Ауып келген үйір - үйір бұлттардан,
Керуен көшіп жатады екен кеудеңде.
Ата тауым! шапаны жерге көлбеген,
Ақ бесігім, ән мен өлең тербеген.
Сені көрсем, естілгендей болады,
Атаның сөзі «Алатаудай бол» – деген.
Қоршап келіп, бұлт қойнына түнеген,
Бар болмысың, ақындарға жыр – өлең.
Арман қуып алып-ұшқан кеуделер,
Саған келіп аттың басын тіреген.
Тәкаппарым!
тұрсың биік еңсемен,
Қарның ашса, қара бұлттан емшек ем.
Бақытымның ордасысың орнаған,
Жылап келіп, күліп кетем мен сенен.
Алатауым, айналайын нар тұлғам,
Асқарында, аспанында ар тұнған.
Нөсерден соң тірі сурет екенсің,
Көкірегімнің көзінде ашық тартылған.
Бір өзіңдей, арқама әкеп бөктер жүк,
Күрсінбеймін, көзімдегі көктемді ұқ.
Шыққан күннің кірпігімен өрнектеп,
Жыр жазамын ақ қарыңды дәптер ғып.
Аударып алға барады өмір күйі өктем,
Бауырыңды «мәңгіліктің» үйі еткен.
Тағдырменен күресіп жерге құласам,
Тұрып кетем, арқамды саған сүйеп мен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жоры мейлің, айлакер, мені қуға

  • 0
  • 0

Жоры мейлің, айлакер, мені қуға,
Көңіл шыны кеседей толы мұңға.
Сылтау іздеп оңаша сенделемін,
Өзіңді іздеп барып бір жолығуға...

Толық

Өмір дегенің өтпелі, осы-ау демесін

  • 0
  • 0

Өмір дегенің өтпелі, осы-ау демесін,
Арманыңның аударма асау кемесін.
Бұлт қаласын аспанның жарып өтіп,
Жұрт қарасын жүзіңе, қашан келесің?

Толық

Адам қашан қадірлі?

  • 0
  • 0

– Адам қашан қадірлі?
– Іңгәлап өмірге алғаш келгенінде.
– Адам қашан қадірлі?
– Аһ ұрып,

Толық

Қарап көріңіз