Өлең, жыр, ақындар

Күнге алғыс екеумізді жолықтырған

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 257
Күнге алғыс екеумізді жолықтырған,
Жолыңа кетті жылдар болып құрбан.
Көрсең сен, мені есіңе ал, жел өтінде
Қорғансыз ақ қайыңды тоңып тұрған.
Атады арманымның оты жалын,
Жетім күй қайталайды жетім әнін.
Жаныңда тұрып үнсіз, үнін тыңдап,
Жазуын жапырақтың оқы, жаным...
Толқумен жан-жүрегім тілімденді,
Дірілдеп «күнім» деуге тілім келді.
Түбінде кездесіп ек сол қайыңның,
Қоштассақ сол қайыңның түбінде енді..
Таң атса, тағы сәби ер жетпек күн,
Күнменен елесіңді тербетпекпін.
Үзілген қолыңдағы жапырақты
Қолыңмен іздеріңе жерлеп кеткін...
Күн шығар таң пердесін үлбіретіп,
Барлығын үні бардың бұлбұл етіп.
Қағылған қарлығаштың қанатындай
Соңғы рет соқсын жүрек дір-дір етіп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Cәл сүрінсем, сүйей өзі тұрғызып

  • 0
  • 0

Cәл сүрінсем, сүйей өзі тұрғызып,
Өмір деген өтер бастан бір қызық.
Сол өмірге жалау болған жүрегім,
Тірлігімнің моторындай тұр қызып.

Толық

Тілемейтін мінез бап

  • 0
  • 0

Тілемейтін мінез бап,
Ақын жанын кім білген.
Сиреп қалар ілезде-ақ,
Ой да қалың бүлдірген.

Толық

Аспан құмар жаным құс, түрме тәнім

  • 0
  • 0

Аспан құмар жаным құс, түрме тәнім,
Тәнге көнбей, биікке тіл қатамын.
Сеземін мен, еңкейіп көкжиеке,
Шыққан күннің алаулап бір батарын.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер