Өлең, жыр, ақындар

Сұңқар кеңдік іздейді, бұлбұл бағын

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 270
Сұңқар кеңдік іздейді, бұлбұл бағын,
Өмір – шырын, біртіндеп білдім дәмін.
Маза бермей кеудеме сені сүйген
Жүрегімді жеңе алмай жүрмін, жаным.
Ғашықтардың болады бәрі де ақын,
Жарығын мол түсірген жаныма күн.
О, қаншама жол жүріп, жүрегіңе
Жете алмадым, әрі алыс, әрі жақын...
Нені айтсаң да, жалғансыз сендіресің,
Өмір сырын ақтарып, сен білесің.
Сезімге әмір жүргізер салқын ақыл,
Өткен өтті, сөз етем енді несін?!
Көңіліңнен жетпей жүр дерек бүгін,
Түнгі ай ұғар қайың мен терек тілін.
Бәрін-бәрін білесің, білмейсің тек
Мені қалай сүюдің керектігін.
Ұқтырмайды сезімсіз қас-қабақ түк,
Не істей алам уақытқа басқан аптық.
Көктемнің бір көгілдір аспанына
Қос жүректі ұшайық қос қанат қып...
Жарып жансам жұлдыздай қара түнді,
Бойға жинап бар сезім, бар ақылды,
Шексіздікке тұңғиық қарсы ұшармын,
Қайратыңа қайрап қос қанатымды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Келеді күн, кетеді күн шектелмей

  • 0
  • 0

Келеді күн, кетеді күн шектелмей,
Келер күнге кеткен күнім өткелдей.
Туып тағы тербеп жатыр, жер-ана,
Нәрестесін кінәсіз жас көктемдей!

Толық

Бір ғашыққа

  • 0
  • 0

Ежелден бір жігіттің сөзі қанық,
Жазады-ау ақ қағазды өрнектеп-ақ.
Шалғайда шала-жансар өзі қалып,
Жүрегін жібереді конвертке орап.

Толық

Қазақ әні

  • 0
  • 0

Дариға-ай, дәрия ғой қазақ әні,
Әншіге айта алмаған жаза дағы.
Өткеннің әні дала,
Сол даланың

Толық

Қарап көріңіз